Иран мен Ресей арасындағы сындарлы аймақтық өзара әрекеттестік үдерісін жалғастырудың маңыздылығын қуаттау
(last modified Wed, 26 Feb 2025 11:16:39 GMT )
Ақп 26, 2025 17:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей арасындағы сындарлы аймақтық өзара әрекеттестік үдерісін жалғастырудың маңыздылығын қуаттау

ParsToday - Иран Президенті Иран мен Ресейдің сындарлы аймақтық өзара әрекеттесу үдерісін жалғастырудың маңыздылығына тоқталып: «Екі елдің аймақтық мәселелер бойынша көзқарастары жақын»,- деді.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан сейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынастардың артып келе жатқанын сипаттап, келісімдердің, әсіресе Иран мен Ресейдің «Ортақ қадам» жан-жақты стратегиялық келісімінің жүзеге асырылуын жеделдетуге тоқталып: «Екі елдің бір-бірімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін нығайтуы қажет»,- деп қосты.

ИИР Президенті Иран мен Ресейдің сындарлы аймақтық ықпалдастық үдерісін жалғастырудың маңыздылығына тоқталып: «Екі ел аймақтық мәселелер бойынша жақын көзқарасқа ие және өзара әрекеттесу аясында, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық одақ, БРИКС сияқты аймақтық және халықаралық ұйымдар арқылы аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтарын нығайтуға ұмтылуда»,-деді.

Сергей Лавров Владимир Путиннің Иран президентіне сәлемін жеткізіп: «Ресей үкіметі екіжақты келісімдердің, әсіресе екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық келісімнің іске асырылуымен қатар, ынтымақтастықтың артып келе жатқан үдерісін жалғастыру және жеделдету үшін бар күш-жігерін салады»,-деді.

Ресей Сыртқы істер министрі Иран Ислам Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу үдерісінің аяқталуын екі елдің, әсіресе, экономикалық және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды нығайтудағы жаңа әрі тиімді қуат деп сипаттап: «Иран мен Ресейдің бір-бірімен тиімді аймақтық ынтымақтастықты жалғастыруда көптеген ортақ мүдделері бар»,- деп қосты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сейсенбі күні жоғары мәртебелі саяси делегацияның басында бір күндік сапармен Иранға келді.