Рухани: Иран күш пен ғиззатқа ұлттық өндіріс арқылы қол жеткізеді
Иран Президенті экономикалық саласындағы белсенділерді ұлттық өнім өндірісті дамытып, арттыруға шақырып: «Исламдық Иранның құдыреті, айбындылығы мен ғиззаты ұлттық өндірісті дамытып, жұмыс орындарын ашумен байланысты»,- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні кешке экономика саласындағы белсенділермен өткізген ауызашарда: «Экономика саласындағы барлық белсенділер, жұмыс орындарын ашушылар мен банктер үкіметпен бірге бір-біріне қолұшын беріп, ұлттық өндірісті арттырып, жұмыс орындарын ашуға талпыныс жасауы керек»,- деп баса айтты.
Иран Президенті мұнайдан тыс экспортты арттыру, әсіресе аймақтағы тұрақты нарыққа қол жеткізу қажеттілігін қуаттап: «Жұмыс берушілер мен жекеменшік бөлім елдегі мұнайдан тыс экспортты дамыта алады»,- деп қосты. Рухани Ирандағы кәсіп пен еңбек орындары саласының 152-ші орыннан 118-ші орынға жетуіне тоқталып: «Біз елдегі осы саланың жағдайын жақсарту үшін әлі де күш салуымыз керек, өйткені кәсіп пен еңбек орындарын жақсарту инвестиция тартуға көмектеседі»,- деді.