Ислам революциясының жетекшісі 11 ақпанда Иран халқының ұлы еңбегі үшін алғыс айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i82774-Ислам_революциясының_жетекшісі_11_ақпанда_Иран_халқының_ұлы_еңбегі_үшін_алғыс_айтты
ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі 22-бахманда (11 ақпан) миллиондаған адамның қатысуымен өткен үлкен жиынды мақтаныш көзі және Ислам Республикасының күш-қуаты мен қадір-қасиетінің артуы, сондай-ақ Иран халқын бағындыруды көздеген жаулар үшін үмітсіздік деп атады. Ол осы ұлы қозғалысқа қатысушылардың барлығына алғыс айтып, барлығын құнды ұлттық бірлікті сақтауға шақырды.
(last modified 2026-02-13T03:19:51+00:00 )
Ақп 13, 2026 08:38 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі 11 ақпанда Иран халқының ұлы еңбегі үшін алғыс айтты

ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі 22-бахманда (11 ақпан) миллиондаған адамның қатысуымен өткен үлкен жиынды мақтаныш көзі және Ислам Республикасының күш-қуаты мен қадір-қасиетінің артуы, сондай-ақ Иран халқын бағындыруды көздеген жаулар үшін үмітсіздік деп атады. Ол осы ұлы қозғалысқа қатысушылардың барлығына алғыс айтып, барлығын құнды ұлттық бірлікті сақтауға шақырды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Иран халқына арнаған теледидарлық үндеуінде: «Осы жылдың 11 ақпанында үлкен жұмыс жасадыңдар; Иранның беделін көтердіңдер,  әрқашанғыдай Ислам Республикасын қолдау арқылы оның күшін арттырдыңар, ал өз мәлімдемелері мен жоспарларында Иран халқын бағындырғысы келген жауларды үмітсіз еттіңдер», - деді.  

Ислам революциясының жетекшісі бұл ұлы қозғалыстың сыйлығын Иранның үлкен абыройы, беделі және толық тәуелсіздігі деп атап: «Барлығымыз өте құнды және бағалы осы ұлттық байланыс пен бірлікті сақтауға тырысайық», - деп қосты.

Халықтың көшелерге жаппай шығуына, біртұтас сөз бен ұранды қайталап, жауларға өздерінің жеке басын және болмысын көрсеткеніне тоқталып,  ол былай деп баса айтты: «Мен барлық Иран халқына және ел бойынша осы үлкен жиынына қатысқан әрбір адамға алғысымды білдіремін және жылы сәлем жолдаймын».