Ислам революциясы жетекшісінің 7-ші тир шәһидтерінің жанұяларымен кездесуінде сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі кеше, сенбі күні 7-ші тир және қасиетті кесенелерді қорғаушы шәһидтердің жанұяларымен кездесуінде шәһидтердің жанұяларының ерлігі мен сабыр сақтауларын мадақтап, оларды жүйенің күш-қуатының негізі деп атап: «Исламдық Иранды алға ілгерілететін жалғыз жол революцияшыл және күрескерлік рухты жандандыру жолы саналады»,- деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сөзінің басында хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болуыны жылдығына орай көңіл айтып, хазірет Әли (ғ.с.)-ды адамзат тарихының ең ұлы шәһиді, «михраб шәһиді» деп атады. Содан соң хазірет хиджри шамси күнтізбесінің 1360-шы жылының 7-ші тирінде, сәйкесінше 1981-ші жылдың 27-ші маусымында, яғни осыдан 35 жыл бұрын Ислам републикасы партиясының кеңсесінде орын алған жарылысты еске алып: «Бұл қылмысты іске асырғандардың Ираннан қашып, лаңкестікке қарсы және адам құқығын қолдау туралы уәж айтатын Батыс мемлекеттерін паналап жүргендеріне көп жыл болды»,- деді.
Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында Исламның ұлық пайғамбарының әулеті мен қасиетті кесенелерді қорғаушы шәһидтерді қорғау мәселесіне тоқталып: «Иран мен басқа елдердің иманды жастарының әйелдері мен кішкентай балаларын қалдырып, тыныш өмірден қол үзіп, бөтен бір елде Алланың жолында күресіп, сол жолда шәһид болуы тарихтың таңғалдырарлық оқиғаларының бірі»,- деп мәлімдеді.
Ислам революциясының жетекшісі ДАИШ сынды тәкфірлік лаңкестік топтардың жобаларын исламдық жүйеге қарсылық білдіруге қолданылатын қатыгез тәсілдердің бірі деп атап: «Такфірлік лаңкестік топтардың құрылуының және олардың Ирак пен Сириядағы әрекеттерінің негізгі мақсаты Иранға қарсы шабуыл жасау болды. Бірақ Ислам республикасы жүйесінің күші олардың Ирак пен Сириядан шыға алмауына себеп болды»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге Бахрейн басшыларының күрескер ғалым шейх Иса Ғасемеге шабуыл жасауын олардың ақымақтығының белгісі деп атап: «Шейх Иса Ғасем – қолынан келгенше Бахрейн халқымен сөйлесіп, олардың қарулы әрекеттерінің алдын алған адам. Бірақ Бахрейн басшылары күрескер ғалымға шабуыл жасаудың Бахрейннің ержүрек жастарының үкіметке қарсылық білдіруінің алдын ала алмайтынын түсінбейді»,- деп қуаттады.