Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иран халқының аяққа тапталған құқығын қорғауды қуаттады
Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Сот билігінің халықаралық мәселелерді құқықтық тұрғыдан қарастыруда белсенді болуын қажеттілік деп атап, Иран халқының санкциялардың салдарынан аяққа тапталған құқығын қорғауды қуаттады.
Мәртебелі жетекші бюросының ақпарат тарату торабының мәлімдеуінше, хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні түстен кейін Сот билігінің төрағалары мен басшыларын қабылдауында Америка сот мекемелерінің негізсіз сылтаулар және айыптаулармен Иран халқының мал- мүлкіне қол сұғу бағытындағы үкіміне сілтеме жасап: «Санкцияларға байланысты Иран халқының құқығын бұзу әлемдік деңгейде қарастырылуы керек шындық болып табылады» деді.
Ол сондай-ақ Иранда лаңкестіктің құрбаны болған мыңдаған адамның құқығын қорғау», құрбан болғандарды өлтірген қылмыскерлерді ашық және жасырын түрде қолдап отырған үкіметтерге қарсы дау қозғау, бүкіл әлемдегі зұлымдыққа ұшыраған мұсылман тұлғаларды құқықтық жағынан қорғау туралы сот басшыларына кеңес берді.
Хазірет аятолла Хаменеи әлем деңгейінде исламдық адам құқығын жандандыруды сот аппаратының тағы бір міндеті деп атап: «Батыс айтатын адам құқығы қате негіздеме бойынша реттелген. Дәйекті әрі парасатты діңгектерге негізделген исламдық адам құқығы әлемдік қоғамдық пікір мен құқықтық ұйымдарда баяндалып, қарастырылуы керек.
БҰҰ-ның кейбір елдерден қаржы алудың ақысына Йемендегі қылмысқа және балалар қырғынына көзжұмбайлық танытуды ресми түрде жариялауын адамзат үшін ұят іс деп атап: «Осы масқарашылық шынайы адам құқығына қашы. Бұл әлем деңгейінде құқықтық және сот тұрғысынан қарастырылуы керек» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ әлемдік Құдс күнінің жақындауына тоқталып: «Алланың қалауымен жұма күні тағы да бүкіл Иран мен ислам әлемінде Палестинаның зұлымдыққа ұшыраған халқын қорғауда біртұтас айқай көтеріліп, ислам үмбеті мазлұмдарды қорғаудағы маңызды парызын орындайды» деп қуаттады.