Рухани: Мәдениет пен өнер қайраткерлері Иранды әлемге таныстырудың алғы шебінде
(last modified Fri, 01 Jul 2016 09:59:51 GMT )
Шіл 01, 2016 15:59 Asia/Almaty
  • Рухани: Мәдениет пен өнер қайраткерлері Иранды әлемге таныстырудың алғы шебінде

ИИР президенті өнерпаздар мен мәдениет және өнер қайраткерлерінің өркениетті және мәдениет сүйгіш Иранды әлемге таныстырудың алғы шебінде екендігін мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Хасан Рухани бейсенбі күні кешке мәдениет және өнер қайраткерлеріне ауызашар беру рәсімінде Иран үкіметін мәдениет пен өнер қайраткерлерінің демеушісі деп атап: «Егер бүгінгі әлемде өзге алпауыттар алдында өз күшімізді көрсетпек болсақ, бұл күштің үлкен бөлігі мәдениет пен өнер саласында» деді.

Рухани өнерпаздардың Иранға үрке қарау алдындағы және исламдық Иранның шын бейнесін әлемге ұсынудағы рөлін қуаттап: «Кейбіреулер әлемді Иран мен ирандықтардан қорқытуды қалайды. Осы астыртын әрекетке тосқауыл қоя алатын және өркениетті Иранның шын бейнесін әлемге ұсына алатын адамдар мәдениет пен өнер қайраткерлері» деді.

Ол тарих бойында заң, әділетхана және мәжіліске ие болған және тәуелсіздік пен азаттық үшін төкеріс жасаған аймақтағы тұңғыш ел ретінде Иранның арнайы мәртебесіне сілтеме жасап: «Иран музыкасының әлемдегі ірі музыка залдарында тыңдалуы және Иран киноларының әлемдік айдында талқылануы Иран мен ирандық үшін мақтаныш болып табылады» деді.