Діни жетекшінің студенттермен кездесуінде сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі: «Егер үстемшіл жүйеге қарсы тұрып, Ислам республикасы жүйесіне лайықты ғиззатымызды сақтағымыз келсе, өзіміздің жеке және қоғамдық іс-әрекеттеріміздегі тақуалығымызды нығайтуымыз керек»,- деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сенбі күні бір мыңнан астам студент және студенттік ұйымдардың өкілдерімен өткізген достық кездесуінде табандылық мәселесіндегі иманның рөлі мен Иран халқының үстем жүйеге қарсы күресіне тоқталып: «Бұл күрес Иран халқы тәуелсіз болып, өз еркімен алға ілгерілеу туралы шешім қабылдағаннан бері басталды. Осы тақырып әлемдік билікқұмар үкіметтердің мүдделеріне сай келмеді»,- деді.
Ол кейбіреулердің «Ислам республикасы жүйесі алпауыт елдермен қарым-қатынас орнатпау үшін сылтау іздеуде» деген сөздерін жаңсақтық деп атап: «Бұл күреске сылтау іздеудің қажеті жоқ. Өйткені Иран халқы өзінің абыройы және революциясы мен Ислам дінінің негіздері бойынша табандылық көрсеткенге дейін бұл күрес жалғасады»,- деп баса айтты.
Аятолла Хаменеи студенттердің назарын дұшпанның ақпараттық үгіт-насихаттарына аудартып: «Дұшпандар көп қаржы бөліп, исламдық жүйеге қарсы кең ауқымды ақпарат соғысын жүргізуде. Олардың негізгі мақсаты халықтың, әсіресе жастардың арасында үмітсіздік тудыру үшін Ислам республикасы жүйесінің мықты тұстарын жасырып, кейбір теріс мәселелерін үлкейтіп көрсету»,- деп түсіндірді.
Аятолла Хаменеи сонымен бірге студенттерге ақыл-кеңес беріп, революцияшыл студенттердің ынталарының саны мен сапасын революцияның ұмытылмағаны мен ішкі мүмкіндіктерінің белгісі деп атап: «Жүйені қорғау – діни жетекшіні қорғау емес. Жүйені қорғау, яғни революция соларға сүйеніп, өзінің алға ілгерілеуін жалғастыратын құндылықтарды қорғау»,- деп баса айтты.