Теһран жұмы намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісімін дұшпандардың Ислам Революциясына қарсы қастандықтарының алдындағы Иран халқының төзімділігі мен сабырлығының нәтижесі деп атады.
Казем Седдиқи Теһранның осы аптадағы құтпаларында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жүзеге асырылуына тоқталып: "Ислам Революциясының дұшпандары санкциялар мен қысым арқылы ИИР-на соққы бере алмайтынын түсінгеннен кейін келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүр болды. Әділетсіз санкциялар Иран халқын Ислам Республикасының жүйесінен бас тартқыза алмады, керісінше, халықтың әлемдік алпауыттарына қатысты жеккөрінішін арттырып, ирандықтардың бұрынғысынша Ислам Революциясының мақсаттарын қорғауда табанды екенін көрсетті" деп қуаттады.
Седдиқи әлемдік алпауыт елдердің ирандық жастардың уранды 20 пайызға байытуға және радиофармацевтикалық дәрі-дәрмекке қол жеткізіп, ядролық өнеркәсіпті түрлі бөлімдерде пайдалана алады деп ешуақытта ойламағанын айтып: "Осы алпауыт елдердің келіссөздерге қатысуына ИИР-ның әлсіздігі емес, керісінше, Иранның күн сайын артып келе жатқан құдіретінің алдындағы үрей себеп болды" деді.