Рухани: Халықтың мәселелері үштік биліктің бірігіп жұмыс істеуінің арқасында шешіледі
(last modified Mon, 04 Jul 2016 09:18:15 GMT )
Шіл 04, 2016 15:18 Asia/Almaty
  • Рухани: Халықтың мәселелері үштік биліктің бірігіп жұмыс істеуінің арқасында шешіледі

ИИР Президенті халықтың талаптары мен қалауын басты мәселе деп атап, саяси-мәдени тақырыптармен бірге экономикалық мәселелердің де шешілетіндігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні үкімет пен Ислам Кеңесі Мәжілісінің ортақ отырысында үкіметтің инфляцияны төмендету, тоқыраудан шығу және даму салаларындағы кең ауқымды жобаларына тоқталып: «Экономикалық даму және жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін барлық билік органдары бірігіп жұмыс істеуі керек. Аймақтық және көршілес елдермен салыстырғанда жағдайымыз қазіргіден де жақсырақ бола алады. Осыған орай дамуымызды 8 пайызға алға ілгерілетіп, инфляцияны бір таңбалы санға жеткізу, жұмыссыздық деңгейін төмендету, ішкі және сыртқы инвестицияны тарту қиын болғанымен қиын іс емес»,- деп қуаттады.

Иран Президенті сөзінің соңында: «Ядролық келіссөздердің негізгі мақсаттарының бірі экономика саласында даму үдерісін бастау болды. Өйткені санкциялар Иран халқы сынды ұлы халықтың ғиззатына сай келмейтін жағдай болды. Кейбір кезде тіпті кейбір жайттар бойынша сырт көзге дос көрінетін елдердің кейбір әрекеттеріне төзімділік білдіру ауыр болды»,- деді.