Иран Президенті халыққа жолдау жасады
ИИР Президенті өз жолдауында: «Жемқорлық және сыбайластықпен күресті толығымен жойғанға дейін жалғастырамыз»,- деп қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Руханидің дүйсенбі күні Иран халқына жолдаған жолдауында: «Жалақы төлеу жүйесіне тез арада реформа жасауға және тиісті органдарға елдің басшылары мен әскери қолбасшыларының ең төмен және ең жоғары еңбекақыларын көрсетуге бұйрық берілді»,- деп айтылған.
Кейбір басшылардың қалыптан тыс жоғары еңбекақыларына қатысты мәліметтерден кейін жасаған президенттің жолдауында: «Ешбір адаммен бауырластық келісімге отырған жоқпыз. Кеңселік және экономикалық жүйедегі жемқорлық және сыбайластықпен күресті толығымен жойғанға дейін жалғастырамыз»,- деп қуатталды.
Аталмыш жолдауда кейбір басшылардың әділетсіз құқықтары мен қалыптан тыс еңбекақылары туралы мәселенің үкімет пен халықтың және Иранның қоғамына жаңа дем беріп отырған үміт көшеттерінің арасына сызат түсіріп, халық пен жүйенің арасындағы мықты қарым-қатынасты нысанаға алу ықтималы тұрғысынан маңызды екендігі көрсетілді.