Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: «Исламдық басқару Иран халқының өмірімен етене байланысты. Халық қырағылықпен ИИР жүйесіне дауыс береді»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің оныншы шақырылымына сайлау мен Эксперттер кеңесінің бесінші шақырылымына сайлаудың өткізілуіне тоқталып: «Халықтың сайлауға қатысудағы мақсаты – олардың саяси өмірлерінің жалғасуы мен өз тағдырларын анықтау ісіне қатысу»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқының бұрынғыдай велаят-е факих пен Ислам революциясының арман-мақсаттарына адал екендігін айтып: «Мықты, білікті әрі революцияға адал Мәжіліс қоғамның барлық әлеуметтік топтарына тиесілі»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Ислам революциясы дұшпандарының халықты алдағы сайлауға қатысудан айнытуға талпыныс жасап жатқанын айтып: «Дұшпан сайлауды маңызсыз етіп көрсетіп, халықтың көңілін суытудан үмітін үзгеннен кейін сайлаудың негізгі тетіктері, соның ішінде Конституцияны қорғау кеңесін бұзуға бет бұрып, велаят-е факихке қарсы теріс жарнама жасауда»,-деп баса айтты.
Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, ДАИШ лаңкестік тобының аймақтағы, әсіресе Сирия мен Ирактағы әрекеттері мен қылмыстарына тоқталып: «Осы топты құрып, қолдап отырған – Ұлыбритания мен АҚШ»,-деді.