Рухани: Иран барлық күш- қуатымен зұлымдыққа ұшыраған халықтарды қорғайды
(last modified Thu, 07 Jul 2016 08:43:14 GMT )
Шіл 07, 2016 14:43 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран барлық күш- қуатымен зұлымдыққа ұшыраған халықтарды қорғайды

ИИР президенті Ислам республикасының барлық күш- қуатымен зұлымдыққа ұшыраған халықтар мен пайғамбар ұрпағының пәк кесенелерін қорғайтынын мәлімдеді.

ИИР президенті Хасан Рухани жүйе басшылары мен ислам елдері елшілерінің революцияның қазіргі жетекшісімен кездесуінде: "Көптеген ислам елдерінде лаңкестік, қатыгездік, қырғын және босқындықтың өрістеуі ислам әлемі үшін апат болып табылады. Бүгінде барлық ислам елдерінің, тіпті бұл мәселені аса маңызды санамаған елдердің басшылары үшін де террор мен лаңкестіктің шекара мен ұлт танымайтындығы және күллі ислам әлемі үшін қауіп- қатер екендігі анықталған болуы керек. Иран лаңкестерден жапа шеккен халықтарға көмек көрсетуін жалғастырады" деді.