Революцияның мәртебелі жетекшісі ислам үмбетінің бірлігін күшейтуді қуаттады
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи ислам үмбетінің дұшпандардың бүлік шығаруы алдында қырағы болуын қуаттап, мұсылмандар арасында алауыздық тудыруды үстемшілдер мен сионизмнің ислам бірлігіне соққы беру үшін ең маңызды басты бағдары деп атады.
Мәртебелі жетекші сәрсенбі күні ораза айт намазының құтпасынан кейін мұсылмандарды осы мерекемен құттықтап, дұшпандардың ислам елдерін әлсірету жолындағы астыртын әрекеттерін баяндап: «Ислам елдері келіспеушіліктерді шетке қойып және түрлі мүмкіндіктерді қолдану арқылы ислам үмбетінің ілгерілеуі мен асқақтауы бағытында ең жақсы тәсілмен әрекет жасай алады» деді.
Ислам бірлігі мен ынтымақтастығына тоқталу мәртебелі жетекшінің әрдайым көңіл бөлген тақырыбы болып табылады. Бұл жолғы сөзінде де хазірет «Ислам елдері арасындағы бірлік рухы әлсіреген жағдайда дұшпандардың ислам елдерінің саптарына ықпал етуіне алғышарт әзірленеді» деп қуаттады.
Мәртебелі жетекшінің көзқарасы бойынша, ислам елдері бірлік, ынтымақ рухын күшейту арқылы дұшпандардың әсіресе Палестина аймағына ықпал ету мен іріткі салудағы астыртын әрекеттерін іске асыруының алдын ала алады.
Мәртебелі жетекші өз мәлімдемесінде Түркия, Ирак және Бангладештегі таяудағы лаңкестік оқиғаларға өкініш білдіріп: «Дұшпандар мен олардың жалдамалы күштері лаңкестік шараларға барып, ислам елдерінің арасында алауыздық тудыру арқылы мұсылмандардың көңілін Палестина және осы ел халқының жәбірленуі сияқты негізгі тақырыптардан бұруды мақсат етіп отыр» деді.
Революцияның мәртебелі жетекшісі Таяу Шығыс аймағындағы күрделі жағдай мен Сирия, Ирак және Йеменде дағдарыстың жалғасуын ескеріп: «Дегенмен мұсылмандардың назары негізгі мәселеден, яғни сионистердің Палестинадағы басқыншылығынан ауытқымауы тиіс» деді.
Ол үстемшілдердің аймақтың берекесін қашырудағы мақсатын Палестина мәселесін ұмыттыру екендігіне сілтеме жасап: «Палестинаның бостандығы үшін күрес палестиналық емес, исламдық күрес болып табылады» деді.
Революцияның мәртебелі жетекшісі ескергендей, ислам елдері мен мұсылмандардың дұшпанның ойындағы жанама мәселелермен айналысуы сионистердің Палестина халқына қарсы қылмыстарын күшейтуіне соқтырады.
Сол себепті соңғы бір жыл ішінде сионистік режим қалыптасқан жағдай мен Сирия, Йемен мен Иракта дағдарыстың күшеюінің саясында Палестина халқына қарсы көбірек қылмыс жасаумен осы елдің халқына қарсы экспансистік шаралары мен қылмыстарын күшейтіп отыр. Газа қоршауын күшейтіп, өткен қазан айынан қазірге дейін 225 палестиналықты шәһид етуі және қалашық тұрғындары үшін палестиналық жерлерде мыңдаған пәтер салуы осы бағытта бағаланады.
Осындай жағдайда революцияның мәртебелі жетекшісінің үстемшілдер мен сионизмнің аймақтағы жоспарларына қатысты немкеттіліктің кері салдарлары туралы ескерту жасауы АҚШ пен Израиль сынды дұшпандарға өздерінің іріткі салу және экспансистік бағдарламаларын аймақта іске асыруға жол бермеу керектігін көрсетеді
Сондықтан хазірет дұшпандардың сұм астыртын әрекеттерін залалсыздандыру үшін мұсылмандардың қырағы болуын қуаттап: «Дұшпандардың шиеленісті әртүрлі астыртын әрекеттеріне тосқауыл қою үшін ең үздік әрі шығыны аз жол ислам елдерінің арасындағы ынтымақтастық пен бірлік рухын күшейту болып табылады» деп кесіп айтты.