Бруджерди: Иранның зымырандық жұмыстары заңды
(last modified Sun, 10 Jul 2016 08:02:33 GMT )
Шіл 10, 2016 14:02 Asia/Almaty
  • Бруджерди: Иранның зымырандық жұмыстары заңды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы ИИР-ның зымырандық жұмыстарын заңды және халықаралық қарарлар аясында жүзеге асырылуда деп бағалады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы Алаеддин Бруджерди Германия Канцлерінің Иранның зымырандық мүмкіндіктері туралы соңғы уәждеріне реакция білдіріп, Иранның зымырандық жұмыстарының халықаралық қаралардың аясынан тыс жүзеге асырылып жатпағанын қуаттады. Бруджерди Германия Канцлерінің Иранға қарсы сөздерін Иран халқына қарсы жаңа қастықтардың белгісі деп атап: «Өкінішке орай, Ангела Меркельдің Иранның зымырандық күш-қуаты туралы сөздері қисынсыз, толығымен саяси сипатқа ие»,- деп мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы Иранның зымырандық жұмыстарының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына ешқандай қатысы жоқ екендігін қуаттап: «Иранның зымырандық күш-қуаты толығымен қорғаныстық сипатта іске асырылып, елді кез-келген қоқан-лоққыдан қорғау үшін қолданылады»,- деді.