Кейбір елдердің Иранда бейберекеттік тудыру үшін талпыныс жасап жатқаны ескертілді
ИИР Сот органының төрағасы кейбір елдердің Иранда бейберекеттік жасау үшін талпыныс жасап жатқанын ескертті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сот органының төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани елдің сот саласындағы жауапты тұлғаларының дүйсенбі күнгі жиналысында: «Аймақтағы кейбір реакционер әрі үстемшіл елдер Иранда тынышсыздық орнатуға күш салуда»,-деді.
Аятолла Амоли Лариджани Иран халқының дұшпандар мен лаңкестердің қастандықтарына қатысты қырағы болуы қажеттігін айтып: «ИИР-ның қауіпсіздік, әскери және полиция күштерінің қастандықтарды залалсыздандыруға бағытталған амалдары мадақтауға тұрарлық»,-деді.
ИИР Сот органының төрағасы АҚШ пен басқа кейбір елдердің «Мұнафықтар» лаңкестік тобына қолдау көрсетуіне тоқталып: «АҚШ-тың лаңкестікке қатысты екіұшты ұстанымы ешкімнің осы елдің лаңкестікпен күрес туралы уәждеріне сенбеуіне себеп болды. Ислам революциясы жетекшісінің болжамдары мен ескертулері америкалықтардың мәселесі Иранның ядролық мәселесі емес екенін, өйткені «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін енді бұл елдің адам құқығының бұзылуы және зымырандық күш-қабілет сылтауымен ИИР-ға қысым жасауға тырысып жатқанын жақсы көрсетті»,-деді.