Иран халқы әлем мен аймақтағы еңсесі биік ел
Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран халқын әлем мен аймақтағы еңсесі биік ел деп атады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні кешке Иранның орталығында орналасқан Құм қаласында сөйлеген сөзінде Таяу Шығыстағы бұрын- соңды болмаған бейберекеттікке қарамастан, Иран ислам республикасының өзінің ерлік және жиһадтық рухымен барлық дұшпандарға қарсы тұрып, бүгінде әлем мен аймақтағы еңсесі биік ел болып табылатынын айтып:
«Иран ислам республикасы ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қоса, өз шекарасынан тыс жерде де тәкфирлік лаңкестерді кері шегінуге мәжбүрледі. Бұл революцияның мәртебелі жетекшісінің әрдайым Иранның қорғаныстық құрылымын қорғап отырған парасаттылығына қарыздар» деді.
Лариджани Сауд әулетінің Йеменге жасап отырған шабуылына сілтеме жасап: «Бейбітқұмарлық және адам құқығы жөніндегі уәждері әлемнің құлағын сарсытқан Америка Саудия режимінің Йемендегі қылмыстарына көзжұмбайлық танытып отырғанымен қатар саудиялықтарға қару да беріп отыр» деді.