Қасиетті кесенелерді қорғаушылардың мақсаты - ислам діні мен мұсылмандарды және пайғамбар ұрпақтарының кесенелерін қорғау
ИИР президенті мұсылмандар мен пайғамбар ұрпақтарының кесенелерін және исламның абыройын қорғауды қасиетті мекендерді қорғаушылардың шын мақсаты мен түрткісі деп атады.
Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні түстен кейін қасиетті мекендерді қорғаушылардың бірі болған шәһид Хамид Реза Асадоллаһидің отбасымен кездесуде қасиетті мекендерді қорғаушы шәһидтердің жанкештілігін басқыншылық соғыс кезеңіндегіден де қиынырақ деп бағалап: «Ирактың Иранға қарсы басқыншылық соғысы кезеңінде мәселе өз елімізді қорғау болды, бірақ бұл өзге жерді қорғау болып табылады. Мұсылмандар мен пайғамбар ұрпақтарының кесенесін қорғаудағы шынайы түрткілер қасиетті мекендерді қорғаушылардың сахнада болуына себеп болып отыр» деді.
Рухани сөзінің жалғасында мұсылман бейкүнә халықтың қылмыскер лаңкестер қолынан аяусыздықпен жаппай өлтірілуіне сілтеме жасап: «Басқыншылық соғыс кезінде Иран халқы Ирактың бұрынғы диктаторы Саддамды жер бетіндегі ең жауыз адам деп ойлайтын. Саддам тіпті өз халқын да аямайтын, бірақ бүгінде тәкфирлік лаңкестердің істеп отырған айуандық әрекеттері Саддамнан, тіпті Саддамның идеологиясынан да жаман кісілердің бар екендігін көрсетеді» деді.