Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 16 Jul 2016 09:12:04 GMT )
Шіл 16, 2016 15:12 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Сауд әулеті режимі мен сионистік режимді лаңкестіктің әлемдегі ең үлкен демеушілері деп атады.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында аймақтағы кейбір елдердің дағдарысты жағдайы мен сол елдерде бейкүнә жандарды өлтірудің жалғасуына сілтеме жасап: «Ирак, Сирия және Йемен сияқты елдердің халқы мен инфрақұрылымдарын жою үшін лаңкестік топтарды құру адамзатқа қарсы ашық қылмыс болып табылады.

Америка Ирак, Сирия және Йемендегі зұлымдыққа ұшыраған ұлттардың дұшпандарына одан әрі қолдау көрсетіп, тәкфирліктер мен уахабилердің осы елдерде жасап жатқан қылмыстарына қатысты жақ ашпай отырған жағдайда әлемде адам құқығын қорғау жөнінде уәж айтып отыр» деді.

Аятолла Имами Кашани сионистік режимнің Палестинадағы шапқыншылығының жалғасуына және осы елді жаулап алуына сілтеме жасап: «Америкалықтар мен олардың кейбір батыс елдеріндегі одақтастары қарсыласудан және өз елі мен жерін қорғаудан өзге әрекет жасамайтын палестиналықтарды лаңкес деп айыптап отыр» деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сондай- ақ Йемен халқының дағдарысты жағдайына алаңдаушылық білдіріп, Сауд әулеті режимінің осы елге жасап отырған шабуылдарын айыптап: «Йемен йемендіктерге тиесілі. Ншкімнің Йемен хаалқының тағдырына араласуға хақысы жоқ» деді.