Рухани Керманшахтың үлемдері мен ардагерлері және зиялы қауымының алдында сөз сөйледі
Иран Президенті ИИР-ның ең негізгі капиталы деп халықтың үміті мен сенімін атады.
Президент аппараты баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани облыстарға жасаған сапарының 29-шы кезеңінің жалғасында жексенбі күні Керманшахта облыстың үлемдері мен ардагерлері және зиялы қауымының алдында сөйлеген сөзінде: «Ислам революциясы мен ИИР жүйесінің өткен 37 жыл ішіндегі жетістіктері Иран халқының бірлігінің арқасында орын алды»,-деп баса айтты.
Иран Президенті аймақтың қазіргі түйткілді жағдайына тоқталып: «Иран халқы осындай жағдайда бұрынғыдай өзінің біртұтастығын сақтап, ұлттық мақсаттарға жету және ислам мен Иранның мерейін арттыру аясында әрекет ететін болады»,-деді.
Рухани, сондай-ақ, Түркия халқының Стамбұл мен Анкара көшелеріне шығып, заңды үкіметті қолдап, төңкеріске қарсы тұруын исламдық Иран халқының х.ш.ж.с.б. 1357 жылғы 21-22 бахмандағы (1979 жыл) көтерілісінен әсер алған деп атады.
Иран Президентінің бұл салыстыруы Ислам революциясының жеңісіне бір күн қалғанда жарияланған шах армиясы әскери үкіметінің мәлімдемесіне қатысты айтылған. Онда армия халықтан үйлерінен шықпауды талап еткен, ал хазірет имам Хомейни (р) халықтың көшеде құзырға ие болуын сұраған.