Адмирал Сайяри: Бөгделердің теңіздегі іс-қимылдарын бақылап отырмыз
(last modified Mon, 18 Jul 2016 15:00:33 GMT )
Шіл 18, 2016 21:00 Asia/Almaty
  • Адмирал Сайяри: Бөгделердің теңіздегі іс-қимылдарын бақылап отырмыз

Иран ислам республикасының армиясы теңіз күшінің қолбасшысы: "Бөгделердің бөлімшелерінің теңіз және жағалаудағы кез- келген іс-қимылы Иран армиясы теңіз күшінің көзінен тасада қалмай, барлығы қадағаланып отырады" деді.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран армиясы теңіз күшінің қолбасшысы адмирал Хабиболла Сайяри дүйсенбі күні 41- ші флотилияны қарсы алу және Иран армиясы теңіз күшінің 42- ші флотилиясын халықаралық ашық теңіздерге миссияға аттандыру рәсімінде: "Осы күш кез- келген жерде аймақтағы теңіз айдынында кез- келген қоқан-лоққыға тосқауыл қоюға дайын" деді.

Иран армиясы теңіз күшінің қолбасшысы осы күштің барлау және операциялық үстемдікке ие екендігін айтып, осы уақытқа дейін 41 флотиоияның халықаралық ашық теңіздерге аттандырылып, өздеріне тапсырылған миссияларды табыспен атқарғанын мәлімдеді.

Иран армиясы теңіз күшінің қолбасшысы аймақ елдеріне бейбітішілік пен достық үндеуін жөнелтуді, Иранға үрке қараумен күресуді, өзге елдерге Иранның орнын көрсетуді, Иран кеме қатынасы жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, барлау жағынан үстемдік және аймақтық елдер мен Үнді мұхитының солтүстігіндегі аймақтан тыс елдердің барлық іс-қимылдарын қадағалауды теңіз күшінің миссияларының мақсаттарына жататынын айтты.