Башар Асад бітім орнату үшін шарт қойды
Сирия Президенті Башар Асад Сирияның бітім орнатуға келісетіндігін, бірақ лаңкестердің де оған берік болып, өз ұстанымдарын өзгертпеуі керектігін қуаттады.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Башар Асад испаниялық El Pais газетіне берген сұхбатта бітім келісімін қабылдаудың келесі шарты ретінде Түркияның әскери көмектер жөнелтуі мен қолдауын тоқтатуды атады.
Сирия Президенті 80 елдің түрлі тәсілдермен, соның ішінде, тікелей қаржылық, логистикалық, қару-жарақтық көмектер және адам күштерін жіберу арқылы Сириядағы лаңкестерді қолдап отырғанына тоқталып, Ресей мен Иранның көмектерінің Сирия әскерінің ілгерілеушілікке қол жеткізуде басты рөл атқарғанын айтты.
Сирия Президенті сондай-ақ: "Біз үкімет ретінде кез келген аймаққа, соның ішінде, бұрын ән-Носрат тобының бақылауында болған елдің солтүстігіндегі Ракка сияқты аймақтарға көмектердің жеткізілуіне кедергі болмаймыз. 3 жылдан бері осы уақытқа дейін қызметкерлердің жалақысы, зейнетақысы мен балалардың вакциналарының қаржысын сол аймаққа жіберіп отырмыз. Себебі үкімет ретінде Сирияның барлық халқының алдындағы жауапкершілігімізді сезінеміз. Мұндай шараларды қалайша басқа аймақтар үшін жасамаймыз? Біз еш уақытта гуманитарлық көмектер мен азық-түліктің кіруіне кедергі болмаймыз" деді.