Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Иранға қарсы санкциялардың жойылуы туралы брифинг өтті
(last modified Sat, 30 Jan 2016 09:50:28 GMT )
Қаң 30, 2016 15:50 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Иранға қарсы санкциялардың жойылуы туралы брифинг өтті

Астана қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ИИР-на қарсы АҚШ пен Еуроодақтың санкцияларын жоюына қатысты брифинг өткізді.

Иран Телерадио ұйымының Алматыдан хабарлауы бойынша, Теһранның ядролық бағдарламасы деген сылтаумен Иранға қарсы салынған санкциялардың жойылу мәселесін тақылауға арналып Астанада өткізілген брифингке Қазақстанның үкіметтік ұйымдары, ұлттық компаниялары мен басқа да ұйымдарының өкілдері қатысқан.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің экономикалық бөлімінің төрағасы Патрик Хорн мен Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігінің сауда бөлімінің төрағасы Нил Леонард аталмыш шарада сөз сөйлеп, Иранға қарсы санкциялардың жойылу үдерісін баяндады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осы брифингті қорытындылай келіп, Қазақстан Президентінің 2013 жылы Алматы қаласында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты екі отырыс өткізудегі бастамасының екі жылдан кейін "Ортақ қадам" бағдарламасының бекітілуіне жеткізген келіссөздер үдерісінде оң ілгерілеушілікке қол жеткізуге себеп болғанын айтты.

Ол сонымен қатар елдің Иранмен жан-жақты қатынастарды кеңейтуге әзірлігін мәлімдеді.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран мен "алтылық" тобы арасындағы келісімді халықаралық сахнадағы жарқын оқиға әрі жарқын болашақтың жаршысы деп атады.

Ол "Ортақ қадам" бағдарламасынан кейінгі алғашқы халықаралық келісімнің Алматы мен Теһран арасында тікелей әуе рейсінің ашылуы туралы болғанын айтты.