Иранның шығысында бір лаңкестік топ ұсталды
Шіл 21, 2016 21:05 Asia/Almaty
Иранның Ішкі Істер Министрі Иранның шығысында лаңкестік бір топтың ұсталғанын хабарлады.
Иранның Ішкі Істер Министрі Абдолреза Рахмани Фазли Теһранда партиялар үйінің маусымдық отырысында екі күн бұрын Иранның шығысында тереңдігі 20 метрді құрайтын 40 метрлік туннельдің табылғанын, сонда лаңкестік бір топтың жер асты арқылы жарылыс ұйымдастырып, лаңкестік амалдарды іске асыруды мақсат еткенін хабарлады. Иранның Ішкі Істер Министрінің айтуы бойынша осы іске қатысты 40 адам құрықталған. Бұл хабардың көбірек жай-жапсары жарияланған жоқ.
Тегтер