Рухани Мешхед қаласын ислам әлеміне дұрыстап таныстыру қажеттігін айтты
ИИР Президенті қасиетті Мешхед қаласын ислам әлеміне жақсылап таныстыру қажеттігін айтты.
Президент аппараты ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани жексенбі күні түстен кейін Министрлер кабинетінің отырысында Иранның солтүстік-шығысында орналасқан қасиетті Мешхед қаласының ислам әлемінің 2017 жыл үшін мәдени астанасы болып таңдалғанына тоқталып, Мәденит және исламдық бағдар министрі, басқа министрлер мен облыс әкімдерінің талпыныстарына алғыс айтып: «Бұл таңдау осы маңызды қалаға көбірек қызмет етіп, оны ислам әлеміне жақсырақ таныстыруға және рухани туризм саласында жоғары орынға ие қаланың салтанатын арттырып көрсету үшін стимул болуы тиіс»,-деп баса айтты.
Рухани осы отырыста ИИР Телерадио бірлестігіне қасиетті Мешхед қаласын таныстыру үшін ішкі және сыртқы арналардың барлығын пайдалануға кеңес берді.
ИИР Президенті, сондай-ақ, кейбір елдерде исламның атымен үрей және террор кеңістігінің қалыптасқанына тоқталып, Мешхед қаласының астана болу мүмкіндігін әлемге ислам өркениеті, мәдениеті мен суфизмін танытып, оның ұстамды дін екенін көрсету мақсатында пайдалануға болатындығына үміт білдірді.