Иран Армиясы теңіз күштерінің ұшқышсыз ұшағы америкалық ұшақ таситын кемені суретке түсірді
ИИР Армиясының теңіз күштері Парсы шығанағы суларында америкалық ұшақ таститын кемені анықтап, оны суретке түсірді.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Армиясының теңіз күштеріне тиесілі "Ғадир" сүңгуір қайығы мен бір ұшқышсыз ұшақ жұма күні АҚШ-тың ұшақ таситын кемесін анықтап, бірнеше минут бойы оны суретке түсірген.
"Ғадир" сүңгуір қайығы жақын қашықтықта америкалық кеменің назарын өзіне аудартпастан суретке түсіріп, мағлұмат жинады.
Сонымен қатар, Иран Армиясы теңіз күштерінің бір ұшқышсыз ұшағы АҚШ-тың ұшақ таситын кемесінің үстінен ұшып, осы кемені анықтаумен қатар, түсірілген суреттерді онлайн режимінде қолбасшыларға жіберді.
ИИР Армиясы теңіз күштері қолбасшысының орынбасары адмирал Махмұд Мусави: "Иран қарулы теңіз күштерінің су үсті кемелері кеше таңертең "жер-жер" класына жататын ұшқышсыз басқарылатын қанатты "Нұр" зымыранын алдын ала белгіленген нысанаға атып, "Велаят-94" жаттығулары кезінде бұл сынақты табысты өткізді" деді.