Рухани: Шиіттер мен сүнниттердің бірлігі – Иран революциясының басты принципі
ИИР Президенті шиіттер мен сүнниттердің бірлігін Ислам революциясы саяси идеологиясының басты принципі деп атады.
Президент аппарты ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні түстен кейін Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында: «Соңғы жылдары Исламның атымен жасалған қырып-жоюлар мен қатігездіктер арқылы көзделген іріткі салушылықтар жауластық тудырып, исламнан үркіту қастандығын орындау аясында атқарылды»,-деді.
Мәдени революция жоғары кеңесінің басшысы, сондай-ақ, №598 қарардың бекітілген күнінің жылдығы мен «Мерсад» амалдарына тоқталып: «Соғыс бітіп, атысты тоқтату бітімінің орнауына бір ай қалғанда имам Хомейнидің (р.) қарар бекітуге батыл шешім қабылдауы Ислам революциясында өте маңызды рөл атқарды. Сол кезді дұрыс түсіну қажет.
Иран атысты тоқтату бітімін қабылдаған жағдайда «баастық» дұшпан «Мұнафықтардың» жалдамалы күштерімен бірге жеңіске жетуді көздеп, өз шабуылдарын үдетті, бірақ Иранның оңтүстігіндегі жауынгерлердің жанқиярлық танытуы мен елдің батысында «Мерсад» амалдарының орындалуы және дұшпандардың ойсырай жеңілуі олардың халықтың біртұтастығы, қарулы күштердің үйлесімдігі мен қырағы жетекшінің арқасында ауыр соққы алатынын көрсетті»,-деді.