Ирандағы президенттік және кеңестер сайлауының уақыты белгіленді
Шіл 28, 2016 15:05 Asia/Almaty
Иранның президенттік және исламдық кеңестер сайлауы 2017 жылдың мамыр айының 18-де өтеді деп жарияланды.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран ІІМ- нің ақпарат хатшысы сейіт Салман Самани сәрсенбі күні: «Бақылаушы кеңес тарапынан 12- ші президенттік сайлау мен қалалық және ауылдық исламдық кеңестердің 5- ші шақырылымы мен ислам кеңесі мәжілісіне аралық сайлау өткізудің уақыты 2017 жылдың мамыр айының 18 деп ІІМ- не жарияланды.
ІІМ келесі жылы сайлауларды өткізу үшін тиісті жоспар құрған. Заңды кесте бойынша тиісті шараларды қолданады» деді.
Тегтер