Оман Сыртқы істер министрі Иран президентімен кездесті
ИИР президенті Иран мен Оманның сауда және экономикалық ынтымақтастықтары деңгейінің екі елдің саяси байланыстарымен қатар кеңейіп, тереңдетілуі керектігін баса айтты.
ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Оман Сыртқы істер министрі Юсуф Бин Алавиді қабылдауында екі елдің байланыстарын достық сипатты және стратегиялық деп атап, екі елдің сауда және экономикалық ынтымақтастықтары «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейінгі кеңістікте кеңеюі керектігін қуаттады.
Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша Рухани сол кездесуде сөйлеген сөзінде: «Иран мен Оманның байланысы аймақтағы үлгілі байланыс болып табылады. Теһран Масқатпен экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтіп, одан әрі тереңдетуді қолдайды» деді.
Рухани Оманның аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті күшейту жолындағы саясатына сілтеме жасап, осы елдің Иранның ядролық ісі үдерісіндегі тұрғылары мен ынтымақтастығына алғыс білдірді.
Оман Сыртқы істер министрі Юсуф Бин Алави де елінің ирандық кәсіпкерлерге арнайы жеңілдіктер беру арқылы олардың Омандағы белсенді және ауқымды құзырын қолдайтынын мәлімдеп, Масқаттың барлық салада Теһранмен өзінің байланысын кеңейтуге бел буып отырғанын қуаттады.