Исламдық адам құқығының үшінші  жүлдесі тарту етіледі
(last modified Sun, 31 Jul 2016 15:08:20 GMT )
Шіл 31, 2016 21:08 Asia/Almaty
  • Исламдық адам құқығының үшінші  жүлдесі тарту етіледі

Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы: "Осы аптада сәрсенбі күні бір шара өткізіліп, исламдық адам құқығының үшінші  жүлдесі тарту етіледі" деді.

Мұхаммад Джавад Лариджани: «Осы күнге байланысты осы аптада адам құқығы жүлдесін тарту ету үшін шара өтеді. Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы 2008 жылы халықаралық күнтізбеде осы күнді адам құқығы және адамның ұлылығы ретінде белгіледі.  

Адам құқығының шын бейнесін әлемге ұсыну керек. Бұл исламдық адам құқығы қалпында мүмкіндік табады.

Ислам – жан- жақты әрі сергек дін. Ислам әлемді қамтитын және күллі адамзатқа арналған жан- жақты дін болып табылады. Барлық түс пен барлық нәсілдерге исламда орын бар. Бұл дін баршаға тиесілі» деді.

Мұхаммад Джавад Лариджани исламдық адам құқығының ислам республикасы жүйесіндегі алар орнына сілтеме жасап: «Біз өзге ұлттардың тәжірибесін бағалап құрметтейміз, бірақ Батыс соңғы 70 жылда адам құқығына екіжүзділік және бірбеткейлікпен қарап келді.

Секулярлық-либералдық идеясын адам құқығы атымен таңу – бірбеткейлік. Егер біреу олардың көзқарасын қабылдамаса, айыптауларының нысанасына айналады» деді.