Иран Президенті халықпен теледидар арқылы тікелей сұхбаттасты
(last modified Wed, 03 Aug 2016 10:17:14 GMT )
Там 03, 2016 16:17 Asia/Almaty
  • Иран Президенті халықпен теледидар арқылы тікелей сұхбаттасты

Иран Президенті елдің экономикалық жағдайын жақсы әрі жарқын болашаққа ие деп бағалады.

Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні кешке халықпен теледидар арқылы тікелей сұхбаттасып: «Күн сайын халықтың талпынысы мен көмегі, үкіметтің талпынысы мен қадағалауы, өзара тілеулестік және барлық билік органдарының үйлесімді жұмыс істеуінің арқасында халықтың әл-ауқатын жақсартып, ұлттың мерейін асыру жолында әсерлі қадамдар жасайтын боламыз»,-деп мәлімдеді.

Иран Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының нәтижесі мен оның халықтың өміріне әсеріне қатысты сауал мен «Америкалықтардың міндеттемелерді сан рет бұзып, екі сөйлеуінен кейін «Ортақ қадам» келісімінің нәтижесі қашан көрінеді?» деген сұраққа жауабында: «Қарсы тарап, яғни «алтылық» елдері «Ортақ қадам» келісімін орындауда салғырт әрекет етіп отыр. Алайда мұнымен бір мезгілде, «Ортақ қадам»  келісімі Иран мен оның экономикасы үшін жақсы кеңістік тудырды»,-деді.

Рухани бүгінде 400 шетелдік банктің Иранмен байланыс орнатқаны, бұл санның күннен күнге артып келе жатқанын айтып: «Сондықтан «Ортақ қадам» келісімі кезеңі мұнай сатып, мүлікке қол жеткізу үшін ғана жақсы мүмкіндік тудырған жоқ, сақтандыру мен кеме қатынасы үшін де жақсы жағдай жасады»,-деді.

Рухани, сондай-ақ, қарсы тараптың «Ортақ қадам» келісімі жолында кедергі тудыруына қатысты сұраққа: «Кедергілердің «Ортақ қадам» келісімінің негізіне қарсы болған адамдар тарапынан жасалатыны анық.

АҚШ-та Өкілдер палатасының өкілдері, әсіресе республикашылдар «Ортақ қадам» келісіміне қарсы болып, оған қол қойылып, бекітілмеуі үшін ұдайы кедергі жасап отырды. Сионистік режим де әрдайым қарсы болды, қазір де кедергілер тудырып отыр»,-деді.