Ислам революциясының жетекшісі Барлау министрлігі қызметкерлерімен кездесуінде баяндама жасады
(last modified Wed, 10 Aug 2016 08:59:13 GMT )
Там 10, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Барлау министрлігі қызметкерлерімен кездесуінде баяндама жасады

Ислам революциясының жетекшісі Иранның Барлау министрлігін өте маңызды бекініс әрі исламдық жүйенің қырағы да ояу көзі деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Иранның Барлау министрлігінің басшысы, орынбасары және бөлім басшыларымен кездесуінде Ислам революциясының негіздері мен басты бағыттарының осы министрлікте толық сақталу қажеттігін айтып: «Барлау министрлігі – Ислам республикасы жүйесінің қатты қабығы, сондықтан ешқашан осал болмауы тиіс»,-деп қуаттады.  

Аятолла Хаменеи Иранның Барлау министрлігінде рухани құндылықтар мен сенімнің нығайтылу қажеттігін баса айтып: «Әлемдік арлауыттардың ең басынан Ислам революциясына қарсы жасап жатқан әртүрлі қастандықтары мен айла-шарғыларына қарамастан, исламдық жүйе алдындағы сәтсіздігі иманның қолдауынсыз мүмкін болмас еді»,-деді.

Аятолла Хаменеи Иранның Барлау министрлігінің мүмін әрі революцияшыл жастар мен күштерге негізделген зор әлеуетіне тоқталып: «Барлау министрлігінің жаңа буыны бұрынғыдай революциялық құндылықтармен өсіп, өркендеуі керек.

Үстемшілдер ағымының басты елі, яғни АҚШ-пен шекараны белгілеу ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) кесімді негізі болып табылады. Бұл мәселеге ешқашан жеңіл қарамау керек.   

Барлау министрлігі дұшпанның исламдық жүйеге соққы беру үшін торуылдауы мүмкін кез-келген салаға еніп, жұмыс жүргізуі тиіс»,-деді.

Тегтер