Рухани Иранның дамуындағы мектептердің маңызды рөлін қуаттады
ИИР Президенті Иранның әртүрлі салалардағы дамуы мен ілгерілеуінде мектептердің рөлін маңызды деп атады.
Иран Президенті Хасан Рухани білім мен тәрбие саласындағы директорлардың жиынында: «Иранның дамуы мектептен басталатыны анық»,-деді. Рухани білім мен тәрбиенің адамның мәдени, ғылыми және әлеуметтік дамуында әсерлі рөл атқаратынын айтып: «Саналы түрде даму болып табылатын оқусыз және ақлақты түзету болып табылатын тәрбиесіз даму мүмкін емес»,-деп баса айтты.
Иран Президенті Иранда салауатты өмір салты жобасының сәтті орындалғанына тоқталып: «Шетелдік кездесулердің көбінде әртүрлі елдердің, тіпті Батыс елдерінің басшылары Иранның денсаулық саласында қалай өзгеріс жасай алғанына таңданады»,-деді.
Рухани денсаулық саласымен қатар қоршаған орта мәселесін маңызды деп атап: «Ирандық оқушылар балалық шақтан бастап осы мәселемен таныс болып, онымен қатынасқа өздерін дайындауы тиіс»,-деді.