Руханидің Кохгилуйе мен Бойерахмед облысының әкімшілік отырысында сөйлеген сөзі
ИИР президенті "Дұшпандар Иранда уран байыту жұмыстарын тоқтатуда сәтсіздікке ұшырады" деді.
ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның батысындағы Кохгилуйе мен Бойерахмед облысының Ясудж қаласында өткен әкімшілік отырысында: «Иранға қарсы ядролық санкцияны ұйымдастырушылардың түпкі мақсаты Иранда уран байытуды тоқтату болған, бірақ олар сәтсіздікке ұшырады.
Бүгінде Иранда ядро саласында жұмыс атқарылып Натанз, Арак, Исфахан және Фордода белсенді жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қоса әлем Иранның ядро саласындағы жұмыстарын ресми танып, №2231- шы қарарда әлем елдері Иранмен ынтымақтастық жасауы керек деп қуатталды. «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейін Иранға 5 млрд доллар инвестиция салынды. Бұл үдеріс ұлғаю үстінде» деді.
ИИР президенті халықтың сенімін күшейтудің және келешекке үмітпен қараудың ұлттық міндет екендігін қуаттап: «Иран халқы бөгделерге қарай қолын созып отырған жоқ» деп мәлімдеді.