Керманшахта лаңкестердің көзі жойылды
(last modified Tue, 16 Aug 2016 12:56:44 GMT )
Там 16, 2016 18:56 Asia/Almaty
  • Керманшахта лаңкестердің көзі жойылды

Иранның батысында орналасқан Керманшах облысының әкімі ДАИШ лаңкестік тобының ықпалды бір мүшесінің көзі жойылғанын хабарлады.

Керманшах облысының әкімі Асадолла Разани ИРНА- ға берген сұхбатында: «Дүйсенбі және сейсенбі күндері Керманшах қаласының бір ауданы мен осы облыстың тағы бір қаласында Иранның түрлі аймақтары мен орталық қалаларында іс- қимылдар жүргізу үшін шекарадан кірген ДАИШ лаңкестік тобына қарасты бір жарылыс ұйымдастырушы топтың көзі жойылды.

Керманшахта өткізілген амалдарда осы лаңкестік топтың үш мүшесі өлтіріліп, олардан қару- жарақ пен жарылғыш заттар, соның ішінде жарылғыш белбеулер, граната мен түрлі автоматты қарулар тәркіленді» деді.

Керманшах облысы әкімінің айтуынша, дүйсенбі күні кешке осы облыстың батысындағы қалалардың бірінде барлау, қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп күштері мен осы лаңкестік топтың екінші бөлігі арасында орын алған келесі қақтығыста ДАИШ тобының ықпалды мүшелерінің бірінің көзі жойылып, бірнеше мүшесі ұсталған.