Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 20 Aug 2016 08:39:04 GMT )
Там 20, 2016 14:39 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы «Монафеғин» лаңкестік тобын қолдауды сионизм мен әлемдік үстемшілдіктің Иран халқына қарсы жаңа бағдарламасы деп атады.

Аятолла Ахмад Хатами жұма намзының құтпаларында АҚШ пен Сауд Арабиясының «Монафеғин» лаңкестік тобын белсенді етіп, осы салада миллиардтаған доллар жұмсау әрекетіне тоқталып: «Жасалған келісімдер бойынша мұнафықтар Сауд Арабиясының қаржы және қару-жарақтық қолдауымен аймақ халықтарына, соның ішінде Иранға қарсы әрекет жасауды көздеуде»,- деді.

Аятолла Хатами «Монафеғин» тобын ыдыраған лаңкестік топ деп сипаттап: «АҚШ пен еуропалық және олардың аймақтағы одақтастары жойылған, кісі өлтіруші топты еш уақытта қайтадан жаңғырта алмайды»,- деп қуаттады.

Жұма намазының имамы «Монафеғин» лаңкестік тобының Саддамның бұйрығымен Ирактың шиіттері мен күрдтерін қырудағы маңызды рөліне тоқталып: «Бұл топ осы кезде Ирак пен Сирияда ДАИШ-пен бірге мұсылмандарды өлтіруді жалғастыруда»,- деп мәлімдеді.