Жетекші көзқарасы: Мешіттер – мәдени қарсыласудың ошағы
https://itolqyn.com/news/iran-i13228
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи: «Мешіт – әлеуметтік қызмет базасы. Ол халықтың идеологиясын нығайтып, әртүрлі әлеуметтік қызметтерге ынталандыруда негізгі рөл атқарады»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 22, 2016 14:43 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Мешіттер – мәдени қарсыласудың ошағы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи: «Мешіт – әлеуметтік қызмет базасы. Ол халықтың идеологиясын нығайтып, әртүрлі әлеуметтік қызметтерге ынталандыруда негізгі рөл атқарады»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Теһран облысы мешіттерінің имамдарын қабылдауында мешітті қарсыласудың, әсіресе мәдени қарсыласудың ошағы деп атап: «Егер мәдени қоршау болмаса, барлығы қолдан кетеді»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі мешіт ашуды зікір, намаз, Құдайға көңіл аудару өзегіндегі халықтың байланыстары мен жиындарын қалыптастыруға бағытталған  ислам бастамаларының бірі деп атап: «Мешіт ислам тарихында кеңесу, ынтымақтастық жасау, әлеуметтік, саяси және әскери маңызды мәселелерде шешім қабылдау орталығы болған»,-деді.

Мешіт – ислам пайда болып, Алла елшісі Меккеден Мәдинаға қоныс аударған шақта қалыптасқан алғашқы құрылымдардың бірі. Мешіт ислам тарихында  көрнекті рөлге ие. Бұл рөл уақыт өте келе әлеуметтік және мәдени салалармен қоса, саяси-экономикалық  салаларға да таралды. Мешіт – халықтың ғибадат етіп, мәдени және саяси істер бойынша кеңесіп,  әріптестік жасайтын жері.  

Ислам тарихы мешіттердің мәдени және әлеуметтік тұрғыдан қоғамға әсері мен оларға Алла жолында жетекшілік етуінің қуәсі болды. Ислам пайғамбары заманында жамағат намазын өткізу, соттау, күш жинау, соғыс пен бейбітшілікті жариялау сияқты маңызды істер мешіттерде атқарылған. Мешіттердің мәдени және әлеуметтік істерді нығайтудағы рөлі маңызды әрі әсерлі. Онда халық дұшпандардың мәдени ықпалынан хабардар етіледі. Басқа сөзбен айтқанда, мәдени қарсыласу – дұшпандардың жылыстап енуіне қарсы қоршау.  Мешіттердің осы қоршауды нығайтудағы рөлі өте жоғары. Исламдық құндылықтар және халықтың иманы мен ғибадатын нығайту – дұшпандардың жұмсақ соғысына қарсы мықты бөгет. Мәдени болмыстың тірегі қаншалықты мықты болса, саяси, әлеуметтік және әскери позициялар да айшықтырақ болады.

Ислам революциясының жеңісі де мешіттердің ықпалының айқын дәлелі. Шах режимінің дін мен мәдениетке қарсы саясаттары және оның Батыстың үстемшіл жүйесіне бағынышты саясаттарын әшкерелеу осы мешіттерден басталып, ақырында Иран халқының революциясына ұласты.  

Иран Ислам революциясы иманды халықтың рухани қолдауының арқасында аймақ пен әлемнің саяси теңгерімін өзгертіп, Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, үстемшіл жүйенің діңгегіндегі қуатты зілзала болды. Ислам революциясының жетекшісі: «Егер халықтың иманы мен исламға беріктігі болмағанда, Иран да басқа елдер сияқты АҚШ-тың қол астында болатын еді. Сондықтан олар халықтың иманымен үздіксіз жауласып келеді»,-деді.

37 жылдан кейін аймақ пен әлемде бір ықпалды саяси және әскери күшке айналған  Иранның мәдени және рухани революциясы әлі де АҚШ бастаған дұшпандардың нысанасы болып келеді. Дұшпандардың негізгі мақсаты – жастардың иманы мен сенімін әлсірету. Олар мәдени жолмен исламдық жүйенің тіректерін әлсіреткісі келеді. Осындай жағдайда, Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, мешіттер мен жамағат имамдары мәдени қарсыласу өзегін нығайту мен халықты құлаққағыс етуде маңызды рөл атқарады.