Зариф: Халықтың сайлауға қатысуы дипломатиялық сәттілікке кепіл болады
https://itolqyn.com/news/iran-i1327
Иранның Сыртқы істер министрі: «Халықтың 26 ақпан күні өтетін сайлауларға жаппай қатысуы Иранның дипломатиялық аппаратының келешекте сәттілікке жетуіне кепіл болады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 23, 2016 16:27 Asia/Almaty
  • Зариф: Халықтың сайлауға қатысуы дипломатиялық сәттілікке кепіл болады

Иранның Сыртқы істер министрі: «Халықтың 26 ақпан күні өтетін сайлауларға жаппай қатысуы Иранның дипломатиялық аппаратының келешекте сәттілікке жетуіне кепіл болады»,-деді.

Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Халықтың 26 ақпанда өтетін Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлауларға саналы түрде жаппай қатысуы ирандық дипломаттардың әлемдік қауымдастықтар мен келіссөздер үстелінде өз ұстанымдарына табандылық таныту күшінің артуына себеп болады»,-деп қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф сайлаудың Иран дипломатиясының әлемдегі орнын анықтаудағы рөлі туралы: «Халықтың 2013 жылғы президенттік сайлауға қатысқандағы Батыс елдері мен әлемдік алпауыттарға жіберген ең маңызды жолдауы санкциялардың Иран халқы мен үкіметтің арасына жік сала алмайтынын көрсету болды.

Иран халқының 26 ақпанда саналы түрде дауыс беру учаскелеріне келетіндігіне және осыған орай бөгде елдердің кеңестерін қажет етпейтіндігіне сенімдімін»,-деп баса айтты.

Ол, сондай-ақ, аймақтың қазіргі жағдайының маңыздылығына тоқталып: «Иран – бүгінде аймақтағы жалғыз қауіпсіз ел. Халық сайлауға кең түрде қатысу арқылы Ислам республикасына өзінің сыртқы саясатын абырой-беделмен және өзара әріптестік негізінде одан ары ілгерілетуіне мүмкіндік береді»,-деді.