Рухани Иранның медицина ғылымындағы жоғары мәртебесін қуаттады
Президент Иранның медицина ғылымындағы алар орнын өте жоғары және даму үстінде деп бағалады.
Иран президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның медицина қоғамының ардагерлері мен таңдаулыларын марапаттау рәсімінде: "Дәрігерлер мен Иранның медицина ғылымының мамандары қоғамдағы емдеу мен денсаулық саласындағы ісімен қоса әлемде ғылым саласында да көшбасшы" деді.
Иран президенті ирандық дәрігерлердің өзге елдердегі, әсіресе Батыс елдеріндегі жоғары мәртебесіне сілтеме жасап: "Ирандық дәрігерлер өз еңбектері және кәсіби біліктіліктерінің арқасында әлемде Иранның абыройын арттырып жүр" деді.
Рухани сондай- ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қарсы қарарларының күші жойылуына тоқталып: "Осы қарарлардың күші жойылуына дейін әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіруші ел деп таныстырылған ислам республикасы бүгінде санкциялардың жойылуымен барша ынтымақтастық жасауға мүдделік танытып отырған елге айналды" деді.