Рухани: Экономикалық тұрақтылық – Иран үкіметінің ең маңызды жетістігі
(last modified Thu, 25 Aug 2016 08:56:28 GMT )
Там 25, 2016 14:56 Asia/Almaty
  • Рухани: Экономикалық тұрақтылық – Иран үкіметінің ең маңызды жетістігі

ИИР Президенті экономикалық тұрақтылық пен тыныштық орнатуды өткен үш жылдағы Иран үкіметінің ең маңызды жетістігі деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Министрлер кабинеті мүшелерінің Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде үкіметтің атқарған шаралары туралы есебінде қарсыласу экономикасының маңыздылығын атап өтіп: «Экономикалық тұрақтылық пен тыныштық орнату – өткен үш жылдағы Иран үкіметінің ең маңызды жетістігі»,-деді.

Рухани Иран үкіметінің келесі бір жетістігі ретінде ұлттық өндірістің өсуін атап: «Иран мұнай мен газ конденсатын өндіруді күніне 1 млн 230 мың баррельден 2 млн 579 мың баррельге жеткізді»,-деп мәлімдеді.

Иран Президенті іргелі ғылымға негізделген 2500 компанияның жұмыс істейтіндігіне және оларға жеңілдіктердің берілетіндігіне тоқталып: «Іргелі ғылымға негізделген компаниялардың арқасында Иранда 40 мың жұмыс орны қалыптасты»,-деді.