Діни жетекші: Дұшпанның Иранға қарсы шабуыл жасаудағы жігерін әлсірету керек
(last modified Mon, 29 Aug 2016 12:48:11 GMT )
Там 29, 2016 18:48 Asia/Almaty
  • Діни жетекші: Дұшпанның Иранға қарсы шабуыл жасаудағы жігерін әлсірету керек

Иран Ислам революциясының жетекшісі Иран әскерінің Хатам ул-Әнбия әуе базасының қолбасшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Дұшпан шабуыл жасаса, мықты соққы алатынын түсінуі керек»,- деп қуаттады.

Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран әскерінің Хатам ул-Әнбия әуе базасының  қолбасшыларымен кездесуінде әуе жүйелерінің кез келген шабуылға қарсы тұратын басты шеп екенін қуаттап, Ислам республикасына  қарсы  майданды жауыз, зұлым және халықтың тәуелсіздігіне қарсы майдан деп атады.

Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін Иран әртүрлі салаларда дұшпанның қоқан-лоққыларымен кезікті. Халықтың Ислам революциясын жеңіске жеткізуі үстемшілікті жою болып, Иранның революцияшыл халқы Шығыс пен Батыс құдыреттеріне исламдық және революцияшыл Иранның әлем сахнасында тәуелсіз әрі құдыретті мемлекет екені туралы жолдауды жеткізді. АҚШ басқарған билеп-төстеуші жүйенің Иранмен дұшпандығы тарих бойында халықаралық қарым-қатынастардағы саяси немесе әскери артықшылықты білдіретін соғыстар мен қантөгістерге байланысты емес. Бұл залым ой-пікірлердің дұшпандығы.  Билеп-төстеуші тәртіп немесе әлемдік сионизм сынды қарсы майдан – Иран халқының діни наным-сенімдері, тәуелсіздігі және зорлықты қабылдамау негіздеріне қарсы залым ой-пікірлерге ие жауыз майдан.  Ислам революциясының жеңісінен кейінгі 37 жылдағы билеп-төстеуші жүйенің дұшпандығы шындықтың надандыққа қарсы күресі болды. Ирактың БААС режимінің Иранға қарсы сегіз жылдық соғысы, қорғаныс өнеркәсібіне қарсы санкциялар мен Иранның қорғаныс-әскери салаларын әлсіретуге қарсы әртүрлі қастандықтар мен Иранның тәуелсіздігіне нұқсан келтіру билеп-төстеуші жүйенің Ислам республикасына қарсы дұшпандығының белгілеріне жатады.

АҚШ-тың мақсаты Иран халқының қорғаныстық құқығын қабылдамауда. Шын мәнінде барлық халықтар мұндай құқыққа ие. Қоқан-лоққылар мен бөгделердің шабуылдарынан халық пен мемлекетті қорғау негізгі мәселе. Ислам революциясының жетекшісі қуаттаған дұшпанның мақсаты Иранды қорғансыз қалдырып, қалаған уақытында бұл елге шабуыл жасау болып табылады.

Ислам революциясының жетекшісі: «Иран көптеген мүмкіндіктерді пайдаланып, дұшпанның жағдайы мен бағдарламасын анықтап, дұрыс шешім қабылдап, оны іске асыруы керек»,- деп қуаттады. Осы мәселеге назар аударылып, осыдан сегіз жыл бұрын Иран әскерінің Хатам ул-Әнбия әуе базасы құрылған болатын. Әуе қорғаныс базасы әскердің төрт түрлі күшінің бірі. Ол Қарулы күштердің Бас қолбасшысының  бұйрығымен құрылды.

Әуе қорғанысы Иранның қорғаныстық күш-қуатын арттыруда маңызды рөл атқарады. Ислам революциясының жетекшісінің айтуынша, әуе қорғанысы негізгі әрі басты шеп. Сондықтан оның маңыздылығын түсініп, жігер мен батылдық көрсетіп, дұшпанның шабуыл жасау жігерін әлсірету қажет.     

 

 

Тегтер