Там 30, 2016 22:08 Asia/Almaty
  • Туризмнің дамуы аймақтық тұрақтылықты күшейту үшін алғышарт әзірлейді

ИИР президентінің бірінші орынбасары туризм өнеркәсібі дамуының аймақтық тұрақтылықты күшейтуге алғышарт әзірлейтінін айтты.

ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири сейсенбі күні Иранның солтүстік-батысында орналасқан Шығыс Әзірбайжан облысының орталығы Табризде Азия Ынтымақтастығы сұхбаттасу ассамблеясының Туризм министрлерінің отырысында: «Иран туристік мол әлеуетімен туризм жолы мен аймақтық сапардың қиылысында орналасқан және адами, мәдени әрі тарихи ұлы мүмкіндіктерімен қатар төрт маусымы мен мол табиғи тартымдылықтары бар өте көркем ел болып табылады» деді.

Жаһангири Азия өркениеті өңіріндегі елдер арасындағы мәдени, тарихи және тілдік мол ортақтастықтарға сілтеме жасап: «Таяу Шығыс  аймағы іріткі салу саясатының нәтижесінде сәлафилік және лаңкестік топтардың қауіпсіз мекеніне айналып отырған жағдайда мүдделері бағыттас Азия өркениеті өңіріндегі елдер арасында туризмді дамыту аймақтың тұрақтылығына себеп болады» деді.

ИИР президентінің бірінші орынбасары сондай- ақ бөгделердің құзырын азиялық елдер арасында алауыздық, соғыс және қақтығысқа себепкер деп атап: «Бөгделердің құзыры Азияның ілгерілеуі мен дамуына еш көмегін тигізбегенімен қоса, тіпті отаршылдық және аймақ елдерінің байлығын тонауды еске түсіріп отыр» деді.

 

 

Тегтер