Иран - аймақта энергия саласындағы негізгі ойыншылардың бірі
Иранның Мұнай министрінің орынбасары Иран ислам республикасының аймақта энергия саласындағы негізгі ойыншылардың біріне айналатынын мәлімдеді.
Мұнай мен энергия туралы ақпарат тарату арнасы ШАНА-ның хабарлауынша, Иран Мұнай министрінің орынбасары Мұхаммад Реза Моғаддам дүйсенбі күні Теһранда «Энергияны сақтаудың жаңа тәсілдері» атты халықаралық бесінші конференцияда: «Иран - әлем елдері арасында көмірсутегінің ең көп қорына ие ел. Ислам республикасының ұрпақтан ұрпаққа жететін осы байлығының болашағы жарқын. Иран мұнай өнеркәсібінің әлеуеті мен ішкі мүмкіндіктері әлі танылған жоқ. Егер осы мүмкіндіктер танылса, Иран осы салада аймақта көшбасшы болады» деді.
Моғаддам АҚШ пен оның одақтастарының, әсіресе Сауд Арабиясының аймақта текетірес тудыру үшін қастық саясатын, жаңа технологияларды пайдалану арқылы жұмсалған шығын көлемін қысқартуды және жаңа энергияларды қолдануды әлемде энергия саласында ұсыныс пен сұраныста өзгеріс орнатудың факторлары деп атады.