Ислам революциясы жетекшісінің қорғаныс өнеркәсібінің көрмесінде жасаған баяндамасы
(last modified Thu, 01 Sep 2016 11:18:33 GMT )
Қыр 01, 2016 17:18 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қорғаныс өнеркәсібінің көрмесінде жасаған баяндамасы

ИИР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы іргелі ғылымға негізделген жергілікті дамыған технологияларды көріп қайтты.

Хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні іргелі ғылымдарға негізделген жергілікті дамыған технологияларын көрген соң Иранның Қорғаныс министрі, жауапты тұлғалар, зерттеушілер мен мамандардың ортасында сөйлеген сөзінде: «Қорғаныс және шабуыл жасау қабілетін арттыру – ИИР-ның ажырағысыз құқығы»,-деп қуаттады.

ИИР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Иранның қорғаныс саласындағы жетістіктерінің соңғы жылдардағы елдің ұлы ғылыми қозғалысының нәтижесі екенін айтып: «Иранның жас ғалымдары ғылымның шекарасын бұзды, өйткені  кез-келген саладағы даму басқа салаларда жаңа жетістіктерге жетуге жағдай жасайды»,-деді.

Ол қорғаныс қабілетін арттыру жолын жалғастыру қажеттігін айтып: «Ар-ұждан мен адамгершіліктен жұрдай, жазықсыз адамдарды өлтіріп, басқыншылық жасаудан сескенбейтін үстемшіл әрі зорлықшыл күштер басқарып тұрған әлемде қорғаныс және шабуыл өнеркәсібін дамыту  табиғи нәрсе, өйткені бұл алпауыттар бір елдің күш-құдіретін сезінбейінше оның қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді»,-деді.

ИИР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы елдің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістігіне ризалық білдіріп: «Иранда қорғаныс өнеркәсібін дамытуда шектеулер бар. Химиялық және ядролық жаппай қырып-жоятын қарулар жасауға Иранда діни принциптерге байланысты тыйым салынған»,-деп баса айтты.  

Хазірет аятолла Хаменеи үстемшіл күштердің Иранның кейбір елдерден  қорғаныс құрал-жабдықтарын сатып алғанына наразы екенін айтып: «Ақыл мен ынсап туралы уәж айтатын бұл күштер басқа елдердің кейбір қорғаныс құрал-жабдықтарын иелену-иеленбеуіне қатысты морал құқығы жайлы сөз қозғайды. Бірақ  өздері ешбір ақлақтық принципке берік емес»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың қазіргі үкіметінің ең үлкен күнәсінің қауіпті лаңкестік топтарды құрғаны екендігін айтып: «АҚШ-тың қазіргі үкіметі сырттай бір лаңкестік топқа шабуыл жасап, , басқа бір лаңкестік топты ақтап алады. Бұл саясаттың ақлақтан басым түсіп жатқанын көрсетеді»,-деді.

Аятолла Хаменеи келіссөздер арқылы АҚШ-пен ортақ келісім мен түсіністікке келуге болады деп ойлаудың жаңсақтық екенін айтып: «Америкалықтардың келіссөздерде түсіністікке келудің орнына өздерінің талаптарын таңуды мақсат тұтатынын тәжірибе көрсетті»,-деп мәлімдеді.  

 

Тегтер