Ислам революциясының жетекшісі қорғаныс және шабуыл жасау қабілеттерін нығайту қажеттігін айтты
Қорғаныс және шабуыл жасау қабілетін арттыру – ИИР-ның ажырағысыз құқығы.
Ислам революциясының жетекшісі әрі Қарулы күштердің Бас қолбасшы хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Иран Қарулы күштерінің іргелі ғылымдарға негізделген жергілікті дамыған технологияларын көріп, Иран Қорғаныс министрі, жауапты тұлғалар, зерттеушілер мен мамандардың ортасында сөйлеген сөзінде осы жайтты баса айтып: «Иранның қорғаныс саласындағы жетістіктері – өткен он екі жылдағы елдің ұлы ғылыми қозғалысының нәтижесі»,-деп қуаттады. Хазіреттің айтуынша, Иранның жас ғалымдары ғылымның шекарасын бұзған. Бұл қозғалыс барлық күш-қуатымен жалғаса беруі тиіс, өйткені кез-келген саладағы даму басқа салаларда жаңа жетістіктерге жетуге жағдай жасайды.
Қауіпсіздік екі факторға негізделеді: бірінші фактор – қорғаныс өнеркәсібінде біліктілік пен мамандыққа ие болу. Егер бір елде мұндай фактор болмаса немесе әлсіз болса, қорғаныс саласында басқа елдерге бағынышты жағдайға түсіп, содан туындаған зияндарға ұшырайды. Бұл жағдай бүгінде Парсы шығанағындағы кейбір араб елдерінен байқалады. Мұндай бағыныштылық намысқа тиеді. Қорғаныс және шабуыл үстемдігіндегі екінші фактор – қорғаныс әлеуеттерін ақлақтық және рухани құндылықтармен астастыру. Әскери саладағы кейбір теоретиктер ақлақтың миллитаризмде мән-мазмұны жоқ деп ойлайтын болар. Бұл қөзқарас басқыншыларға қарсы қорғаныс және тежеу үшін шабуыл мәніне қуат сыйлайтын ойға қарама-қарсы. Ислам революциясының жетекшісі осы екі көзқарас арасындағы қашықтықты түсіндіріп: «Ар-ұждан мен адамгершіліктен жұрдай, жазықсыз адамдарды өлтіріп, басқыншылық жасаудан сескенбейтін үстемшіл әрі зорлықшыл күштер басқарып тұрған әлемде қорғаныс пен шабуыл өнеркәсібін дамыту – табиғи нәрсе, өйткені бұл алпауыттар бір елдің күш-құдіретін сезінбейінше оның қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді»,-деп баса айтты.
Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, қорғаныс өнеркәсібін дамытудағы маңызды факторлардың бірі – әскери салада ақлаққа көңіл бөлу. Сол себепті Иранның қорғаныс қабілетін нығайту саласындағы қозғалысында шектеулер бар, соның ішінде химиялық және ядролық жаппай қырып-жоятын қарулар жасауға Иранда діни принциптерге байланысты тыйым салынған.
Ислам революциясының жетекшісі тоқталған келесі бір мәселе – қорғаныс құрал-жабдықтарын сатып алу. Хазірет үстемшіл күштердің Иранның кейбір елдерден қорғаныс құрал-жабдықтарын сатып алғанына алаңдап отырғанына тоқталып: «Ақыл мен ынсап туралы уәж айтатын бұл күштер елдердің кейбір қорғаныс құрал-жабдықтарын иелену-иеленбеуіне қатысты моральдық құқық жайлы сөз қозғайды, бірақ өздері ешбір ақлақтық принципке берік емес»,-деді.
Жалпы алғанда, қауіпсіздікті қалыптастыруда қорғаныс және шабуыл жасау қабілеті басты орында тұр. Осы тұрғыдан Иран өзінің қорғанысына қажетті құралдарды қамтамасыз ету үшін қорғаныс өнеркәсібін жергіліктендірумен қоса, кей жағдайда қорғаныс кешендерін сатып алу арқылы өзінің қорғаныс қабілетін нығайтуға қажетті барлық шараларды атқарады. Оның соңғы мысалына Ресейден С-300 зымырандық қорғаныс кешенін сатып алып, орналастыруы жатады. Иранның қорғаныс саласы үшін қажет деп тапқан нәрселерін қамтамасыз етуде ешкімнен рұқсат сұрамайтындығы анық. Ол өзінің қорғаныс қабілетін нығайту үшін барлық сатыларды – қорғаныс өнеркәсібін нығайтудан бастап әскери әріптестіктерді пайдаланатын болады. Ислам революциясы жетекшісінің қорғаныс өнеркәсібінің жетістіктерін көру кезінде айтқан сөздері осы жайттарды растап, Иранның қорғаныс доктринасының принциптерін түсіндіреді.