Шетелдік тілшілер Ирандағы сайлаулар туралы ақпарат тарату ісіне ауқымды түрде қатысады
Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі әлемнің 29 елінің ақпарат құралдарынан 473 тілшінің Эксперттер мәжілісі мен Иран ислам кеңесі мәжілісіне сайлаулар туралы хабар таратуға қатысатынын мәлімдеді.
«Меһр» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің шетелдік ақпарат құралдарының бас басқармасы бүгін сейсенбі күні мәлімдеме жариялап: «Жалпы 241 ақпараттық топ, оның ішінде 84 ақпарат құралына қарасты 93 шетелдік хабар тобы мен елдегі шетелдік ақпарат құралдарының тұрақты өкілдігінің 148 бюросы Ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымы мен Эксперттер мәжілісінің бесінші шақырылымының сайлаулары туралы хабар таратады» деп мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша, 46 телерадио арнасынан шетелдік 177 ақпарат өкілі, 6 ақпарат агенттігі мен хабар торабы, 32 басылым, жалпы 84 ақпарат құралы мен елде ақпарат бюросына ие 148 БАҚ-нан Иранда тұратын 297 тілші 26-шы ақпан күнгі сайлаулар туралы хабар дайындайды.
Ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымы мен Эксперттер мәжілісінің бесінші шақырылымының сайлаулары 26-шы ақпан, жұма күні өтеді.