Қыр 01, 2016 21:52 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Иранның Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымының әлеуеті зор

ИИР президентінің бірінші орынбасары Иранның Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымын әлеуеті зор ұйым деп атады.

ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири сәрсенбі күні Теһранда Әлеуметтік қамсыздандыру халықаралық одағының (ISSA) бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевскимен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымы қоғамның әртүрлі топтарына жақсы қызметтер көрсетуде әсерлі әрі үлкен рөлге ие. Иран халқының жартысынан көбіне осы ұйым қызмет ұсынады.  

ИИР-ның Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымы шынайы түрде халықаралық байланыс жасауды қажет етеді" деп, Әлеуметтік қамсыздандыру халықаралық одағы (ISSA) бас хатшысының Ирандағы құзырымен ислам республикасының әлеуметтік қамсыздандыру ұйымының халықаралық тәжірибелер мен мүмкіндіктерді неғұрлым көбірек пайдаланатындығына үміт білдірді.  

Әлеуметтік қамсыздандыру халықаралық одағының (ISSA) бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски де Иранның Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымының жұмыстарын жоғары бағалап, бұл ұйымның әртүрлі аспектілер бойынша жақсы істер атқарғанын, одаққа мүше басқа елдердің де Иранның Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымының тәжірибелерін пайдалануға мүдделік танытатындықтарын айтты.  

 

Тегтер