Бүгін имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы
Исламдық Иран бүгін имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты аза тұтуда.
Бүгін, жұма зиқаеде айының 30-шы жұлдызы имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.
Имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.) хиджри қамаридің 195-ші жылының рамазан айында дүниеге келді. Әлем шиіттерінің сегізінші имамы – әкесі хазірет Реза (ғ.с.) шәһид болған соң мұсылмандардың имаматы мен басшылығын өз міндетіне алды.
Имам Джавад (ғ.с.)-ның өмір сүрген және имамат жылдары исламдық өркениет гүлденіп, наным-сенімдер мен философияның ислам әлеміне таралған жылдар болды.
Иран халқы имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты мешіттер мен Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.) мен Теһранның оңтүстігінідегі қасиетті Құм қаласындағы хазірет Масуменің кесенелерінде жиналып, аза рәсімдерін өткізуде.
ИИР Телерадио бірлестігі әлем шиіттерінің тоғызыншы имамы – имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты дүниежүзінің мұсылмандары мен азаттық талап етушілеріне көңіл айтады.