Ғасеми: Лаңкестік қатерлі ауруын емдеуді кешіктіру оның әлемнің барлық жеріне таралуына себеп болады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бағдад пен Кабул қалаларындағы лаңкестік әрекеттерді айыптап: «Лаңкестік қатерлі ауруын емдеуді кешіктірудің оның әлемнің барлық жеріне таралып, жұғуына себеп болып, шынайы да қауіпті мәселелер тудыратындығын ескертеміз» деді.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми дүйсенбі күнгі Ирактың Бағдад қаласы мен Ауғанстанның Кабул қаласындағы көптеген бейкүнә адамдардың қаза тауып, жаралануына соқтырған лаңкестік шабуылдарды айыптап, Ирак пен Ауғанстан халықтарының қайғысына ортақтастық білдіріп: «Лаңкестік топтарда үстемдік ететін ортақ идеология осы аймақ елдерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нысанаға алып, халықаралық қоғамдастықтың үнсіздігі мен немқұрайдылығының тасасында күн сайын аймақ елдерінің жүздеген бейкүнә адамының жанын алып отыр. Халықаралық қоғам тәкфіршіл-уахаби лаңкестіктің тамырларын табу үшін қажет әрі шынайы ерік-жігерге ие болмайынша және осы топтарды қолдаушы елдерді жауап беріп, лаңкестерді қолдауын тоқтатуға мәжбүрлегенге дейін олардың қатігез лаңкестік әрекеттері жалғасатын болады. Әлем халықтары күн сайын осы елдердің күнәсіз әрі панасыз халқының азабы мен қайғысына куә болады» деді.