Қыр 10, 2016 20:02 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Қуатпен қамтамасыз ету – Иранның экономикалық тұрғыдан дамуының қажеттілігі

Иран Ислам республикасы президентінің бірінші орынбасары қуатпен қамтамасыз етуді Иранның экономикалық тұрғыдан дамуының қажеттілігі деп атады.

Исхақ Джаһангири Иранның оңтүстігіндегі Бушер атом стансасы құрылысының екінші кезеңін жүзеге асыру амалдарының басталу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Зерттеулердің нәтижелері қуат өндірісі тәсілдерінің әртүрлі болып, қазба отынынан тыс әртүрлі қорлардың қолданылуы қажеттігін көрсетеді» деді. Иран Ислам республикасы президентінің бірінші орынбасары Иранның Ресеймен саяси, экономикалық және әскери салалар бойынша стратегиялық серіктестіктерінің жалғасуын тілге тиек етіп, ядролық стансалар салу ісінде ирандық күштер мен әлеуеттерді қолдануды Теһран мен Мәскеу келісімінде көрсетілген жайттар деп атады.     

Бушер атом стансасының екінші және үшінші нысандарын салу амалдары сенбі күні Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангиридің және Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салеһидің, сонымен қатар «Росатом» ұйымының басшысы Сергей Кириенконың қатысуымен басталды.

Бағдарламаға сәйкес, Бушер атом стансасының екінші нысаны 2024 жылы, үшінші нысаны 2026 жылы эксплуатацияға беріледі.

 

Тегтер