Иран тарих бойында бейбітшілік пен достықтың жаршысы болды
Иранның Қорғаныс министрі өркениетке ие ИИР-ның мақтанышқа толы тарихы бойында бейбітшілік пен достықтың жаршысы болғанын қуаттады.
Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Деһған әлем әскерилері чемпионатының волейбол жарыстарының 35-ші кезеңіне қатысып жатқан спортшыларға жолдауында бұл үлкен оқиғаны нәсіл мен ұлтқа қарамай, террор мен геноцидтен аулақ, спортты дамытуды мақсат ететін пәк адамдардың бірлігінің көрінісі деп атап: «Спорттық үлкен жиынға әртүрлі елдердің спортшыларының қатысуы осы елдер арасындағы достық пен мейірім және бейбітшіліктің нығаюына себеп болады» деді. Әлем әскерилерінің чемпионатындағы волейбол жарыстарының 35-ші кезеңі жексенбі күні Теһранның волейбол залында 12 команданың қатысуымен басталды.
Аталмыш жарысқа Қытай, Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Замбия, Шри-Ланка, Ливан, Палестина, Венесуэла, Бразилия, Катар және Иран елдерінің командалары қатысып отыр.